Біздің артықшылықтарымыз

  • Excellence image
    400+ астам сатушы

    Сатушылар ең жақсы пікірлермен және тауарлардың үлкен таңдауымен ұсынылған

  • Excellence image
    Ыңғайлы жеткізу

    Әрбір сатушы қала мен облыс бойынша ыңғайлы жеткізу шарттарын ұсынады

  • Excellence image
    Өз бетімен алып кету

    Сіз өз тапсырысыңызды сатушының салонынан өз бетіңізше алып кете аласыз

  • Excellence image
    Несиеге сатып алу

    Бөліп төлеумен және артық төлемсіз таңдап, сатып алыңыз

Сауда кешені туралы

Сауда кешені туралы

«ARMADA» СК-де жұмсақ, корпусты, ас үй, бақша, соғылған, кеңсе жиһаздары, кілемдер мен төсек жабдықтары, тұрмыстық және кеңсе техникасы, құрылыс және әрлеу материалдарының кең түржинағы ұсынылған.
Кешен аумағында келушілерге ыңғайлы болу үшін кофеханалар мен демалыс орындары орналасқан.
Кешеннің аумағы 4 блокқа бөлінген, бұнда сіз Өз үйіңізді жайластыру үшін барлығын таба аласыз.


1-БЛОК

1-блоктың аумағы құрылыс және әрлеу материалдарын, сантехниканы, едендік және қабырғалық жабындарды, ішкі және кіреберіс есіктердің үлкен таңдауын, жетекші өндірушілердің бояуларын ұсынады.

Қазақстан нарығында алдыңғы қатарлы компаниялардың ішкі және сыртқы жарықтандыруының кең түржинағы «Жарық Орталығында» 1-блокта орналасқан, бұнда сіз кез-келген интерьерге арналған дизайнерлік шамдардың, аспашамдардың, бралардың үлкен таңдауын таба аласыз.

2-БЛОК

2-блоктың аумағында корпусты, жұмсақ жиһаздың, машиналық және қолдан жасалған кілемдердің эконом санатынан премиум санатына дейінгі үлкен түржинағы, ең тиімді бағалар бойынша үй тоқымалары мен матрастардың кең таңдауы бар.

Сондай-ақ, астыңғы қабаты бар, бұнда жетекші өндірушілер ұсынған жұмсақ және корпусты жиһаз бар.

Жиһаздың жақсы түржинағын ең тиімді бағалар бойынша Сіз Жеңілдік-аймағында таба аласыз.

3-БЛОК

3-блоктың аумағы ас үй жиһазы мен тұрмыстық техниканы ұсынады.

Бұнда сіздің интерьеріңізді безендірудің дайын нұсқалары қойылған, ал егер сіздің өзіңіздің бірегей идеяңыз болса, онда жеке жоба бойынша тапсырыстарды әзірлеу үшін әрбір компания сізге кәсіби дизайнер қызметтерін қуана ұсынады.

4-БЛОК

4-блокта жұмсақ жиһаз, тоқыма бұйымдарының үлкен таңдауы және интерьерге арналған өнімдер ұсынылған. Сіз дайын өнімді сатып ала аласыз, сондай-ақ дайындауға жеке тапсырыс бере аласыз.


Түржинақта эконом санаттан бастап тауарлардың премиум санатына дейін, жетекші өндірушілерден түрлі тауар топтары ұсынылған. Кешен аумағында орналасқан компаниялар тапсырыстарды Қазақстан бойынша жеткізеді.

«ARMADA» сауда кешені бір жерде жиналған үй тауарларының толық спектріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кеңесшілердің кеңестері, есептеулердің ыңғайлылығы, курьерлердің ұқыптылығы және өнімнің керемет сапасы Сізге қызмет көрсетеді.

Біз кез келген тауарларды көтерме немесе бөлшек саудада сатып алуға кеңес береміз, бұл ретте сіз уақыт пен ақшаны үнемдейсіз.

«ARMADA» СК-де сіздің үйіңізге арналған тауарларды сатып алуға асығыңыз, өйткені сіз бен сіздің жақындарыңыз тек ең жақсысына лайықтысыздар!

Қош келдіңіздер!